KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

«КазТрансОйл» ұлттық компаниясы сатылымға акцияларын шығарды

13.11.2012, 18:00 86


Семейде «ҚазТрансОйл» АҚ-ның өкілдігі мен қала әкімдігі тұрғындармен «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша кездесті. Сатылымға «КазТрансОйл» ұлттық компаниясының акциялары шығарылыпты. Өкілдік жергілікті халыққа қор биржасындағы жұмыстардан біраз ақпараттар берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

-Акцияның әрбірінің құны халыққа қолжетімді болу үшін, қолдағы акцияларды 1:10 тәсілімен бөлшектедік. Сондай-ақ, компанияның дамуының әртүрлі жағдайына байланысты қор биржасындағы мәліметтерді халыққа кеңінен түсіндірудеміз,-деді «ҚазТрансОйл» АҚ-ның бас директоры Болат Зәкіров.

Осы кездесу барысында қала тұрғындары компанияның дивиденттік саясаты деген мәселеден де біраз түсінік алды. Нақты айтылған ақпарат бойынша «ҚазТранс Ойл» түскен кірістен дивиденттерді төлеуге 40 пайызын жұмсамақ.

Брокерді нақты таңдау арқылы тұрғындар өтініш жазып, «ҚазТрансОйл» компаниясының акционерлері қатарына үміткерлердің қатарына іліге алады. «Халықтық IPO» бағдарламасының аясында 38 млн. 463 мың 550 акция ұсынылып отыр. Акцияның әрбірінің құны 725 теңге. Құнды қағаздар сатылымы желтоқсанның 5-іне дейін жалғаспақ. Ал екінші саудаға шығару сатысы 19 желтоқсаннан басталмақ. Оған жергілікті тұрғындармен бірге шетелдік азаматтар да, ірі шетелдік инвесторлар да қатысады.

Мәлімет көзі:
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив