KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 6 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Ауданда ЖҰМЫССЫЗДАР АЗАЙЫП келеді

1.03.2012, 18:00 145


Елбасының биылғы Жолдауында көрсетілген ең бірінші бағыт, ол – ел ішіндегі жұмыссыздықты ауыздықтау. Президентіміздің тапсырмаларын орындау мақсатында аудандағы жұмыссыз, өзін-өзі қамтыған және аз қамтылған тұрғындарды өнімді жұмысқа тартуға, кадрлық әлеуетті дамыту арқылы тұрғындардың табыстарын жоғарылатуға күш салудамыз.

Қазір ауданымызда «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының үш бағыты бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биыл бекітілген жоспарға сәйкес, бағдарламаның «Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бағыты бойынша ақпан айында тракторист-машинист және «В, С» санатындағы жүргізуші мамандықтарына оқыту жоспарланған. Осы мамандыққа оқуға ниет білдірген 19 адамның құжаттары қабылданды. Кәсіптік оқыту Саратовка ауылындағы ауылшаруашылық колледжінде және Асубұлақ кентіндегі кәсіптік лицейде жүргізіледі. Кәсіптік оқу кезінде бағдарламаның қатысушыларына жатақхана беріледі және аралық бағалаудан ойдағыдай өткеннен кейін ай сайын стипендия төленеді.
Осы бағыт аясында аудан бойынша кәсіби оқуға 83 адамды жіберу жоспарланды, соның ішінде, қайта даярлауға 68 адам, біліктілігін арттыруға – 15 адам. Қазір жұмыспен қамту орталығында ниет білдірген азаматтардың құжаттарын қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Осы бағыт шеңберінде бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдау көрсетілді, яғни 2012 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар іс-тәжірибесіне жолдамалар беріледі. Аудан көлемінде «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша 2012 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 70 адамға 17 млн. 628 мың теңге және жастар іс-тәжірибесіне 29 адамға 5 млн. 389 теңге қарастырылған.
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына бағдарламаның екінші бағыты бойынша мал шаруашылығын дамытуға, құс өсіруге және жеміс-жидектерді өңдейтін, консервілейтін зауыт ашуға арналған 155 млн. теңгені құрайтын 60 тапсырыс берілді.
Бағдарламаның екінші бағыты аясында шағын несиелендіруге мақсатты ағымдағы трансферттердің үлестірілуіне сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы ауданға республикалық бюджеттен 53 өтініш берушіге 80 млн. теңге бөлді. Ағымдағы жылы Ұлан ауданының жұмыспен қамту орталығына несие алу үшін ауыл кәсіпкерлерінен және өзін-өзі қамтыған, жұмыссыз және аз қамтылған азаматтардың ішінен 70 адам өтініш берді. Несиенің жалпы сомасы 170 млн. теңгені құрайды.
Шағын несие алғаннан кейін бағдарламаға қатысушылар 2012 жылы 103 жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Соның ішінде, 20 жұмыс орны – құс өсіру жобасы бойынша, 12 жұмыс орны – жеміс-жидектерді өңдеу және консервілеу жобасы бойынша және 66 жұмыс орны – мал шаруашылығын дамыту жобасы бо-йынша.
Бағдарламаның үшінші бағытын іске асыру азаматтардың экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден экономикалық даму орталықтарына өз еркімен көшуіне жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шараларын көздейді.
Ұлан ауданының жұмыспен қамту орталығы экономикалық әлеуеті төмен ауылдық және кент округ әкімдіктерімен бірлесіп, экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге көшуге ниет білдіргендердің тізімін құру бойынша жұмыстар жүргізуде. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының сұрыпталған көрсеткіштері нәтижесінде аудан көлемінде экономикалық әлеуеті төмен 5 елді мекен анықталды. Олар: Қызылсу, Южное, Мирное, Смолянка және Төменгі Тайынты ауылдары. Ол жерлерде 190 адам тұрады, соның 61-і өзін-өзі қамтитындар. Бүгіндері басқа ауылдарға көшуге ниет білдірген адамдар әзірше жоқ.


Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив