KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Азық-түліктің бағасын ұстап тұру шаралары ШҚО-да жүргізіліп жатыр

19.10.2012, 18:00 136


Өскемендегі ұлттық баспасөз клубында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Дүйсембай Селиханов тұрақтандыру қоры арқылы күнделікті тұтынатын азық-түліктің бағасын бірқалыпты ұстап тұру бағытында атқарылып жатқан іс-шаралардың барысы жайында журналистермен баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Дүйсембай Селихановтың айтуынша, биыл аймақтық тұрақтандыру қоры арқылы арнайы қоймаларға 12,5 мың тонна көкөніс жеткізілді. Атап айтқанда, 7100 тонна картоп, 2100 тонна пияз, 1800 тонна сәбіз, 1200 тонна орамжапырақ, 200 тонна қызылша қоймада сақтауға қойылған. Бірінші қазаннан бастап тұрақтандыру қорындағы өнімдерді сауда орындарына сатуға рұқсат берілген.

Сондай-ақ 100 тонна қарақұмық жармасы, 1369 тонна қант, 800 тонна өсімдік майы, 780 тонна күріш, 80 тонна cиыр еті тұрақтандыру қорының қоймасына өткізілді. Қорға қажет негізгі азық-түлік өнімдері жергілікті шаруалардан сатып алынды. Бұл әлеуметтік шара тұрғындар-ды қысқы маусыммен қоса сәуір, мамыр айларында арзан да сапалы азық-түлік түрлерімен қамту үшін жасалған және бағаны негізсіз өсіруге жол берілмейді.

Осы қордың өнімдері Өскемен, Семей қалаларының ғана емес, барлық аудандарға бөлініп отыр. Азық-түлік түр-лері, олардың көлемі мен көтерме бағасы белгіленді. Тұрақтандыру қорының өнімдерін өткізу үшін «Ертiс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы алты көлік сатып алды.

Биыл облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары дәнді дақылдар алқабы-ның әр гектарынан орта есеппен 12,1 центнерден өнім жинады. Ал майлы дақыл алқабының әр гектарынан орта есеппен 10 центнерден өнім алып жатыр. Биылғы өнім облыс тұрғындарына толығымен жетеді.

– Біздің облыста келесі жылғы егін орағына дейін нан және тоқаш тағам-дарын пісіру үшін бірінші сұрыпты ұн қоры жеткілікті мөлшерде дайындалды, – дейді Дүйсембай Селиханов. – Салмағы 550 грамм болатын нан 50 теңгеден сатылып жатыр. Бұл баға барлық сауда орындарында сақталған. Әрбір ауыл округтерінің әкімшілігі тұрғындарды бірінші сұрыпты ұнмен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуі тиіс. Жергілікті әкімдермен осы бағытта жұмыстарды жүргізіп жатырмыз.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив