KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
494.95 525.49 5.05

Семиярдың сәні кіріп қалды

2.10.2012, 18:00 159


Биыл тірек елді мекендерінің бірі болып Бесқарағай ауданының шалғайда орналасқан Семияр ауылы бағдарламаға енгізілген болатын, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталған тірек ауылы бойынша 15 жоба әзірленіп 498 млн. 99 мың теңге көлеміндегі қомақты қаражат осы ауылға бөлініп отыр. Нақтырақ айтар болсақ, ауыл шаруашылығы саласы бойынша 159 миллион теңгені құрайтын 4 жоба дайындалып, 28 жұмыс орны ашылмақ. «Ас Ай и К» ЖШС өз қаражатына 153 млн. теңгені құрайтын мал бордақылау алаңын салуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта құрылыс жұмысы басталды. «Азамат» шаруа қожалығының басшысы Асқар Данабаев 3 миллион теңге көлемінде өз қаржысына қосымша мал сатып алып, иелігіндегі малдың басын көбейтуді қолға алды. Қазір ол 57 бас ірі қара мал, екі асыл тұқымды бұқа, 3 трактор сатып алды. Жеке кәсіпкер Сейілханов мал сою алаңын «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша несиеге алынған 3 млн. қаражатқа салуды жоспарлауда. Жеке кәсіпкер Балғабай Рахымбаев та «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының көмегімен 3 млн. теңге көлемінде несие алып, сол қаражатқа 100 қаздың балапанын және 150 тауық сатып алып, өз жұмысын өрге бастыруда.

Жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша 3 млн. теңгеге 3 жоба әзірленіп, 8 жұмыс орны ашылды. Жеке кәсіпкер Раушан Зияданова 1,5 млн. теңге несие алып, 6 адамды жұмыспен қам-тамасыз етіп отыр. Күніне 300-ден артық нан пісіріліп, ауылдық округтің Семияр, Кривинка, Лесной, Грачи ауылдарын нанмен қамтуда. Сонымен қатар Р.Зияданова 300 мың теңге өз қаражатына ауыл тұрғындарына аса қажет шаштараз ашып, тағы бір адамды жұмыспен қамтыды. Алдағы қараша айында өз қаража-тына дәріхана ашуды да жоспарлап отыр. Қа-зіргі күні ол сертификат алу үшін оқу оқып жүр.

Инфрақұрылым бойынша 90 млн. 548 мың теңгеге 2 жоба әзірленіп, 14 жұмыс орны ашылмақ. Нақты айтқанда, ауыл ішіндегі жолдарды күрделі жөңдеу жұмысына 10 млн. 548 мың теңге көлемінде қаражат қарастырылып, жұмыс бүгінгі таңда қарқынды жүргізілуде. Келесі жоба тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз етуге арналып, қазіргі таңда сметалық құжаттар дайындалуда.

Абаттандыру, көріктендіру жұмыстарына 22 млн. 990 мың теңгені құрайтын 5 жоба даярланып 31 адам жұмыспен қамтылуда. Ауылдың орталық көшесін көріктендіруге 9 млн. 250 мың теңге көлемінде қаржы бөлініп, жұмыстар тоқтаусыз жүргізілуде. Ауылды көріктендіруге барша тұрғындар, шаруа қожалықтары, «Ас Ай и К» ЖШС, «Инфинити коммуникацион» ЖШС, осы ауылдың тумасы, Астана қаласының тұрғыны Мақсұт Омарханов қол ұшын беріп, көмек көрсетті. Ауылға кіреберіс, ескі совхоздардың орындары күл-қоқыстан тазартылды. Екі айдан бері үздіксіз сенбіліктер ұйымдастырылып, бірнеше рет ауыл белсенділерінің ықпалымен асар да ұйымдастырылды. Тұрғындардың әрбіреуі қазіргі уақытта өз аулаларын көріктендіру жұмысын жалғастыру үстінде. Сонымен қатар Горький және А.Иманов көшелеріне 20 шам орнатуға 500 мың теңге қаражат қарастырылып отыр. Елді мекеннің жолдарын күрделі жөңдеуден өткізу үшін 7 млн. 831 мың теңге қаржы бөлініп, бұл жобаны жүзеге асыруды «Сәуле» ЖШС және «ТЕМ» құрылыс фирмасы жеңіп алған болатын. Бүгінгі күні осы бағытта жұмыстар жүргізуде.

Тірек ауылы болып таңдалып алынған Семияр ауылының тұрғындары осылайша өз елді мекендерін көркейтуге жұмыла кірісіп
отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу