KZ
Өскемен
+3°
туман жел 1 м/с, ОШ
488.91 532.62 5

Риддер қаласында Семейдің мәдени күндері өтті

27.09.2012, 18:00 160


РиддерОблыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ бастамасымен қолға алынған «Туған ел – алтын бесігім» акциясы аясында және Шығыс Қазақстанның 80 жылдығына орай Риддер қаласында Семейдің мәдени күндері өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мұнда Семейдің ауыл шаруашылық бөліміне қарайтын 14 ауылдық округтің өнімдері жеткізілді. Соның ішінде сойылған ірі қара, қой етін, сүт өнімдерін, түрлі көкөністерді жәрмеңкеге келушілерге ұсынды. Бағасы да жергілікті базардағыдан 10-20 пайызға арзан. Қазы-қарта, жал-жая, төңкерілген қойдың құйрығы, семіз сиыр еті әп-сәтте өтіп кетті. Озерки ауылдық округінің әкімі Бақытжан Нұғмановтың айтуынша, картоп, сәбіз, қызылшаның келісін 45 теңгеден саудалаған екен. Көкөністерді қап-қабымен сатып әкеткен риддерліктер жәрмеңкеге ерекше үлес қосқан «Анастасия», «Баршын» сынды шар-уа қожалықтарына алғыстарын жеткізді. Жәрмеңке соңы мерекелік концертке ұласты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив