KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

Жарма ауданы шаруа қожалықтарының жәрмеңкесі Өскеменде болды

27.04.2014, 18:00 113



Өскемен қаласы «Фреш-Маркет» гастрономы жанында Жарма ауданы шаруа қожалықтарының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Тауар өндірушілердің өзінен сатып алуды ұйғарған қалалықтардың да қарасы көп болды. Әсіресе, ет және көкөніс өнімдері мол әкелінді. Бағасы да қалтаға салмақ түсірмейді дейді өскемендіктер. 50-ден аса сауда нүктелері сауданы қыздырып тұрды.

Ұсынылған тауарлардың бағасы әдеттегіден 10-15 пайызға арзан болды. Жәрмеңкеге қатысушылар 6 тонна ет өнімдерін әкеліп, сиыр мен қой, жылқы етін 900 теңгеден ұсынды. Сонымен қатар, жәрмеңкеде 19-20 тонна көкөніс лезде сатылып кетті. Картоптың құны - 75, сәбіз - 80, қызылша - 55, пияз - 100, қырыққабат - 130 теңгеден болды.

Жәрмеңкені өткізуге ауданның 22 округі белсене қатысты. Тары, талқан, жент, нантоқашты Үшбиік ауылының тұрғындары ұсынса, ақ бас тұқымды сиырдың семіз етін шалабайлықтар саудаға 900 теңгеден шығарды. Делбегетей ауылдық округінің шаруалары қазының келісін - 1000, етін - 700-800 теңгеден саудалады. Жармалықтар сонымен қатар, сары май, ірімшік, кілегей сияқты сүт тағамдарын да молынан әкеліп, қолжетімді бағамен сатты.

Жеке кәсіпкер Өзкен Шағабалинов - аудандағы көкөніс өсіретін белді шаруалардың бірі. Үкіметтен ешқандай көмек алмай, өз қаражатына көкөніс өсіретін ол тек Жарма ауданын емес, маңайындағы көрші аудандарды да жеміс-жидекпен қамтамасыз етіп отыр. Жеке кәсіпкердің жалға алып отырған су тоғанынан ауланған тірі балық демде пышақ үстінен үлестіріліп кетті. Жарма мен Ақжал кенті қайырымдылық дастарқанын жайды.

Жәрмеңкенің мерекелік сипатта өткенін де атап өткен жөн. Атағы жер жарған жармалық көркемөнерпаздар концерті көптің көңілінен шықты. «Сұлуым» эстрадалық ансамблі сахна төрінен түскен жоқ.

Эльмира Тайырқызы
сурет
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив