Ыстамбұлда өткен бүкіләлемдік шахмат олимпиадасында жақ-сы нәтиже көрсеткен қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасоваға әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер атағы берілді.
Айта кетейік, Ыстам-бұлда байрағы желбіреген бұл дода тамыздың 27-сі мен қыркүйектің 10-ы аралығында өткен-ді.
Сол сияқты Динара Чехия мемлекетінде тамыздың 1–9 күндері аралығында болған халық-аралық турнирде үшін-ші орын алса, одан кейін Челябі қаласында өткен жарыста әйелдер арасында үздік болып танылған.
Ол 14 жасқа дейінгі спортшылар арасында, кейін 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанған, үш мәрте әлем және Азия чемпиондығын жеңіп алған.