KZ
Өскемен
+25°
небольшая облачность жел 2 м/с, З
443.44 480.51 4.88

ШҚО-да армрестлингтен облыстық чемпионат аяқталды

16.10.2017, 12:35 143

Қазанның 13-15 аралығында Курчатов қаласында қала әкімінің кубогі үшін қол күресінен өткен 2000 ж.т жасөспірімдер арасында ШҚО чемпионаты өз мәресіне жетті.


Барлығы 10 команда қатысқан облыс чемпионатында қарсыластарынан шеберлік деңгейі біршама жоғары споршылар да болды. Атап айтсақ, Венгрияда өткен әлем чемпионатының жеңімпазы Деши Дурсаева, Қырғызстанда өткен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алған Юлия Кузнецова сынды тәжірибелі спортшылар қатысты. Дегенмен де, барлық командалардың спортшылары тек жүлде алу үшін келгендіктерін байқатып, чемпионат айтарлықтай қызықты өтті. Екі күнге жалғасқан облыстық жарыстың қорытындысы бойынша ұлдар және қыздар арасында үздіктер анықталды.


Жалпы жарыс қорытындысы келсек, командалық есепте өскемендік спортшылар топ бастады, 2 орынға Күршім ауданы жайғасса, үздік үштікті Аягөз ауданының командасы түйіндеді. Қол күресінен ШҚО бас бапкері Ерлан Уалиев, аталмыш жарыста ерекше көзге түскен спортшыларды облыс құрамына іріктеп, қазанның 23-28 аралығында Тараз қаласында өтетін Азия чемпионатына аттанатын болады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив