KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 6 м/с, В
443.16 480.39 4.94

Шалқар Жоламанов Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды

18.09.2013, 18:00 90


Қытайдың Ганьсу аймағында қазақ күресінен өтіп жатқан Азия чемпионатында «Қазақстан барысы» турнирінің жүлдегері, жерлесіміз Шалқар Жоламанов күміс медальді иеленді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

100 келі салмақ дәрежесінде боз кілемге шыққан Шалқар Жоламанов ақтық бәсекеде ирандық балуан Қажы Паур Морһаддамға есе жіберіп, алтыннан қағылды.

Еліміздегі түйе балуандардың ішінде бір төбе саналатын Шалқардың есімі қазақ күресінің жанкүйерлеріне етене таныс. Ол Президент жүлдесі үшін өткен «Қазақстан барысы» турнирінде 2011 жылы қола, 2012 жылы күміс жүлделерге қол жеткізген-ді.

Сонымен қатар, Қытайда ел намысын қорғап жатқан спортшылардың қатарында: 2012 жылғы «Қазақстан барысы» турнирінде «Көрермендер көзайымы» атанған Рүстем Жұмаев және 2011 жылы «Қазақстан барысында» күрескен Оңтүстік Қазақстан облысының балуаны Әділжан Ыстыбаев бар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив