KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 9 м/с, В
443.16 480.39 4.94

Жанат Уатаев «Аягөз барысы» атанды

4.04.2013, 18:00 192


Қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы «Қазақстан барысы» жарысының іріктеу сынына Аягөз ауданынан 110 балуан қатысты. Бас бәйгені қанжығасына байлаған жерлесіміз Жанат Уатаев «Аягөз барысы» атанды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бір айта кетерлік жәйт, 12 салмақ дәрежесінде сыннан сүрінбей өткендерден байрақты бәсекеге қатысатын құрама жасақталады. Жарыс қорытындылары бойынша боз кілемде өз салмақ дәрежесінде қарсылас шыдатпаған әр балуан арнайы марапаттарға ие болды.

Турнирдің көркін қыздырған ерлер арасындағы белдесулер болғаны анық. Финалға шыққан үш балуан да бабында екендіктерін көрсетті. Ал бас бәйгені қанжығасына байлаған Жанат Уатаев «Аягөз барысы» атанды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив