KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 3,7 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Талғат Әміренов «Әскер барысы» атанды

20.03.2019, 08:23 268

Семейде әскери қызметшілері арасында ұйымдастырылған «Әскер барысы-2019» республикалық турнирі мәресіне жетті. Алдағы жазда өтетін «Қазақстан барысы» жарысының іріктеу сыны саналатын додада жерлесіміз Талғат Әміреновке тең келер ешкім болмады.

 

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы мен Армия орталық спорт клубы ұйымдастырған турнирде күш құрылымдарының атынан 30-дан аса балуан «Әскер барысы» атағы мен Елбасы жүлдесі сарапқа салынатын «Қазақстан барысы» ІX республикалық турниріне берілетін жолдама үшін талас жүргізді.

 

Тартысқа толы болған сайыс қорытындысы бойынша Армия орталық спорт клубының мүшесі, кіші сержант Талғат Әміренов бірінші орынды жеңіп алды. Шешуші белдесуде өскемендік балуан Астанадан келген Мемлекеттік күзет қызметінің маманы, лейтенант Әлібек Зекеновтен басым түсті. Үздік үштікті АОСК-ның мерзімді әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Әділ Оразбаев түйіндеді.

 

– Жеңіс оңайлықпен келген жоқ, қарсыластарымның қай-қайсысы да осал емес екенін дәлелдеді. Енді «Қазақстан барысы» республикалық турниріне дайындалатын боламын. Бұл дүбірлі додада мен ел Қарулы күштерінің намысын қорғаймын, – деді «Әскер барысы-2019» жарысының жеңімпазы Талғат Әміренов.
Естеріңізге салайық, былтыр дәл осындай турнирдің бас жүлдесін жеңіп алған АОСК-ның мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі, семейлік Ерасыл Қажыбаев артынша «Қазақстан барысы-2018» додасының күміс белбеу иегері атанған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив