KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
443.72 482.28 4.9

ШҚО-да жер қойнауын пайдаланушылар өз міндеттеріне селқос қарап отыр

13.09.2012, 18:00 203


Аймақ басшысы Бердібек САПАРБАЕВ жер қойнауын пайдалану мәселесіне арналған кеңес өткізді. Оған облысымыздағы осы салаға қатысы бар департаменттер мен басқармалар басшылары, бірқатар кәсіпорындардың, геологиялық барлау жұмыстарымен айналысатын мекемелердің жетекшілері қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аймақ басшысы бұл мәселенің облыс үшін аса маңыздылығына тоқтала келіп, жыл өткен сайын геологиялық барлау жұмыстарына бөлінетін қаржының артып келе жатқанын, соған орай тиісті қайтарым болуы керектігін атап көрсетті. Осы орайда жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың жасалған келісім-шарттарға орай өз міндеттемелерін толық орындауы керек. Оның ішінде әлеуметтік жауапкершілікке қатысты мәселе де айрықша маңызды.

Облыстық кәсіпкерлікті дамыту және өнеркәсіп басқармасының бастығы Шәкәрім Бұқтұғұтов үстіміздегі жылы 235 нысанда жер қойнауын пайдалану қолға алынғанын, оның 18-і барлау бойынша, 119-ы барлау мен өндіруге қатысты болғанына тоқталды. Облыста қазір құрылыс материалдарын өндіруге арналған 197 бос орын бар. 2010 жылы жалпыға ортақ жер қойнауын пайдаланушылар 15 миллиард теңге, ал 2011 жылы 24 миллиард теңге инвестиция құйған. Жер қойнауын пайдаланушылардың барлау мен өндіруден басқа тағы бір міндеттері – әлеуметтік салаға қаржы аудару болса, осы бағытта облыстық бюджетке 2011 жылы 919,3 миллион теңге, 2012 жылдың бірінші жартысында 307,8 миллион теңге қаржы аударған.

– Біз сіздерді осы үшін жинап отырмыз. Бізге қоятын қандай талаптарыңыз бар? – деді облыс басшысы жиынға қатысушы жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындар басшыларына. Алайда оған ешкім ештеңе айта алмады. Тіпті, кеңеске кейбір кәсіпорындардың осы мәселеге тікелей жауап беретін құзырлы басшыларының келмегендігі де мәлім болды. Мәселен, «Қазақмыс» корпорациясының басшысының орнына қатардағы инженер келіпті. Ол облыс Әкімінің қойған сұрақтарына жауап бере алмады.

Кеңесте геологиялық барлау жұмыстарының жай-күйі мен жер қойнауын пайдалану мәселесіне тікелей бақылау жасап отыратын «Востокказнедра» мекемесінің басшысы Сәрсен Қапанов та хабарлама жасады.

Облыс Әкімі бірқатар кәсіпорындар-дың келісімшарттарды қалай орындап жатқандығын анықтап білді. Мәселен, «Тарбағатай-мұнай» серіктестігі барлау жұмыстарын жүргізуде тиісті нәтижелер-ге қол жеткізіп отырғандарымен, әлеуметтік салаға қаржы аудару жөніндегі міндеттемелерін толық орындамаған болып шықты. Сол сияқты құрылыс жұ-мыстарын жүргізетін мердігерлер жер пайдалану жайын тиісті орындармен алдын ала келісіп алмайды.

Сондықтан кәсіпорын басшыларымен осыған орай тиісті жұмыстар атқаруды кәсіпкерлікті дамыту және өнеркәсіп басқармасының басшысына тапсырды. Сол сияқты еліміздің «Жер қойнауы туралы» Заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға орай ұсыныстар білдіруді тиісті мекемелер жетекшілеріне тапсырды. Оған облыстан сайланған депутаттар да тартылмақ.

– Тұтас алғанда жер қойнауын пай-далануға, барлау жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан қолдау жасалып жатыр. Енді тек оны іске асыра білейік, – деді облыс Әкімі кеңесті қорытындылай келіп.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив