KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Өскеменде балалар қалашығы ашылды

5.09.2012, 18:00 104


Облыс орталығы Өскемен қаласында балалар қалашығы ашылды. Ол Ертіс өзенінің сол жағалауында орналасқан. Аталмыш кешенде балалардың шығармашылық ой-өрісін дамытуға арналған көрме залдары мен ойын алаңдары бар, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қиял-ғажайып ертегілер әлеміне жетелейтін бұл қалашық балдырғандардың та-нымдық көкжиегін кеңейтуге бағытталған. Ол жерде балдырғандар ата-аналарымен ойын алаңдарында тынығып, дене жаттығуларымен айналыса алады. Қылқаламды серік еткен жас суретшілер үшін арнайы шығармашылық орта да бар.

Сондай-ақ кешенде қазақ, орыс ұлттарының тарихынан сыр шертетін, аңыз-әңгімелер кейіпкерлерінің дәлме-дәл бейнесін көрсететін қуыршақтар қойылған. Яғни, бүгінде ұмыт болып бара жатқан «Алдар көсе», «Жалмауыз кемпір», «Етік киген мысық», «Бақа ханшайым» сынды танымал ертегілердің кейіпкерлері бар.
Мамандардың айтуынша, кешен бала-лардың ой-өрісін дамытуға үлкен септігін тигізері сөзсіз.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив