KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Құтқарушыларымыз тағы да үздік деп танылды

3.09.2012, 18:00 76


Облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің сүңгуіршілері тағы да топ жарды. Орал қаласында өткен «Нептун-2012» республикалық сайысында жерлестеріміз еліміздің әр түкпірінен сайланып келген 16 команданың ішінен суырылып шығып, алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бас жүлде үшін талас бірнеше күн бойы болды, дегенмен кәсіби шеберліктері жоғары һәм тәжірибелері мол шығысқазақстандық құтқарушылар қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады. Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды. Қазылар алқасы алдымен сүңгуіршілердің физикалық жағдайы мен құтқару дайындығын сыннан өткізді.

Сондай-ақ, олар 3 шақырымға және 300 метрге жүгіруден, қайықпен ескек есу арқылы 500 метр қашықтықты жүріп өтуден және 100 метрге жүзуден және ең бастысы, су түбіне сүңгуден бақ сынады.

Осындай күрделі тапсырмаларды орындауда жоғары ұпай жинаған біздің облыстық төтенше жағдай қызметінің мамандары өткен жылғы жетістіктерін қайталап, тағы да үздік деп танылды.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив