KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Халықаралық турнирдің мәртебесі де, қатысушылары да артты

24.01.2018, 09:03 197

Айта кетерлік жайт, биыл аталмыш жарыс тұңғыш рет Азия жеңіл атлетика қауымдастығының ресми күнтізбесіне енгізіліпті. Демек, бұдан былай турнирдің мәртебесі де, оған қатысушылардың саны да артады деген сөз.


Биылғы додаға рекордтық тоғыз елдің спортшылары қатысып, жүлделі орындар үшін талас жүргізді. Жарысқа қатысушылар биіктікке секіру, үш қарғып секіру, ядро лақтыру, сырықпен секіру, 60 метрге жүгіру, 60 метрге кедергілермен жүгіру, 400 және 800 метрге жүгіру, сондай-ақ 4х200 эстафетасы сынды сайыстарда өзара мықтыны анықтады. Ел намысын қорғаған шығысқазақстандық спортшылардың еншісінде үш алтын, төрт күміс және екі қола жүлде бар. Әсіресе, биіктікке секіру сайысында жарыс рекордын жаңартқан Надежда Дубовицкая мен 400 метрге жүгіруде үздік нәтиже көрсеткен Элина Михинаның жетістіктерін атап өткен орынды.


Жалпы, биылғы додаға Қазақстаннан бөлек, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Армения, Малайзия, Беларусь және Түркиядан келген жасы 18-ден жоғары 140-тан астам жеңіл атлет қатысқан-ды.


Айта кетейік, дәстүрлі халықаралық турнирдің алдында Өскеменде тағы бір ірі жарыс – жеңіл атлетикадан жабық кешендегі ел чемпионаты аяқталған болатын. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқарамасынан хабарлағандай, аталған біріншілік алдағы ақпан айында Иран астанасы Тегеранда жалауын желбірететін Азия чемпионатында өнер көрсететін ұлттық құраманы жасақтау мақсатында өткізіліпті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив