KZ
Өскемен
+18°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
443.37 474.49 4.83

Өткен түнде Семей қалалық апатты-құтқару қызметінің мамандары 45 адамды, ішінде 1 бала бар, қар құрсауынан шығарды

4.03.2013, 18:00 193


Өткен түнде Семей қалалық апатты-құтқару қызметінің мамандары 45 адамды, ішінде 1 бала бар, қар құрсауынан шығарды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей қалалық ТЖ басқармасының берген мәліметтеріне сілтеме жасап.

Семей қаласы апатты-құтқару қызметтері бөлімшелері үшін өткен түн тынымсыз болды. Түнгі сағат 00:57 де құтқару қызметі пультіне Семей – Знаменка трассасында қар құрсауында ішінде қарттар мен балалары бар автомобильдер қалғаны туралы хабар келіп түсті. Құтқару жұмыстарына дереу апатты-құтқару бөлімшелерінің күш-құралдары жіберілді.

Знаменка трассасының 9-10 шақырымында 800-1000 метрге созылған ұйытқыған қар боранында 10 жеңіл, 2 жүк көлігі қалғаны белгілі болды. Қар қалыңдығы 30-60 см болғандықтан біраз көліктер жартылай қармен көмілген еді. Қардың қалыңдығы мен көру төмендігінің, желдің қатты тұруының кесірінен көліктер ПАРМ автомобилімен сүйретіліп шығарылды. Семей қалалық апатты-құтқару қызметінің жедел қимылдауы нәтижесінде 45 адам, оның ішінде 1 бала бар, дер кезінде қар құрсауынан шығарылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив