KZ
Өскемен
-5°
ясно жел 1 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Бейбіт өмірде де батыр атанғандар көп

30.08.2012, 18:00 97


Міне, Ата Заңымыз бір қалыптан таймай халықтың мүддесі үшін қызмет еткеніне он жеті жыл болды. Тәуелсіздік алғаннан бері ел тұғырын бекіте түскен заңымыз қазақстандықтарды өркениетке жетелеп келеді.

Жиырма жыл ішінде Тәуелсіз Қазақстан әлем жұртшылығына танылды. Экономика, саясат, денсаулық сақтау, білім беруде, қай салада болмасын, ауыз толтырып айтатын жетістіктеріміз баршылық. Қазіргі кезде спорт саласында да алдыңғы лектен көрініп келеміз. Лондонда өткен жазғы Олимпиада са-
йыстарында айды аспанға бірақ шығардық десек те болады.

Ішкі әскердің Шығыс құрамасының жеке құрамы Ата Заңдағы қазақстандықтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етіп, әскери борыштарын атқаруда қырағылық пен батылдық үлгілерін танытып келеді. Осы жылдың басынан бері Шығыс құрамасының әскери қызметшілері алпысқа тарта қылмыстың, алты жүзден астам құқық бұзушылықтың алдын алды.

Біз бүгінгі бейбіт өмірде де батыр атанған әскери қызметшілерімізді мақтан тұтамыз. Олардың қатарында қылмыскерлерді құрықтаған майор Абзал Мұхамеджанов, ағасержант Алмас Омарханов, сержант Қанат Қожахметов, қатардағы жауынгерлер Әли-хан Қоразов пен Абзал Алдажұманов, суға тұншыққан адамдарды өлім тырнағынан ара-
шалап қалған кіші сержант Валерий Семин мен сарбаз Мәди Боранбаев сынды азамат-тарымыздың есімдері ішкі әскер тарихының беттерінде мәңгілікке жазылып қалды.

Ішкі әскер құрамы спорт саласында да талай-талай биік жеңістерге қол жет-кізді. Бұл турасында біз еліміздің ішкі әскер тарихына тыңнан бір жаңалық қосқан Шығыс құрамасындағы «Бүркіт» жасағының аға лейтенанты Талғат Оразғалиевтің есімін еске аламыз. Ол Болгария елінде өткен қоян-қолтық ұрыс бойынша Еуропа чемпионатынан күміс жүлдемен оралды.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив