KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 2 м/с, З
443.72 482.28 4.9

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Өскеменге келді

21.08.2012, 18:00 104


Кеше Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед жұмыс сапарымен Өскеменге келді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бүгін мемлекеттік хатшы Өскеменнің сол жағалауында орналасқан этноауылды, соның ішінде жаңадан бой көтерген балалар қалашығын аралады. Этноауылда қазақы дәстүрмен шашу шашылып, құрметті мейман киіз үйде дәм татты.

Бұдан соң Мұхтар Абрарұлы Өскеменде көпшіліктің көмегімен бой көтерген үш мың орындық сәулетті жаңа мешіттің ашылу салтанатына қатысты.

Славский жағалауындағы ғашықтар аллеясы, "ҚР мемлекеттік рәміздері" монументі, хоккей модулі сияқты Өскемен шаһарындағы бірқатар нысандарды аралап шыққан мемлекеттік хатшы түстен кейін С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақсатн мемлекеттік университетінде өңіріміздегі әлеуметтік сала қызмепткерлерімен кездеседі.

Сондай-ақ Риддер қаласында шағын қалларды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы тұрғын үй құрылысын дамыту, 60 пәтерлі үй құрылысының барысымен танысады деп күтілуде.

Қаланы дамытудың кешенді жоспары бойынша Риддер жұртшылығмен кездескен соң ертең Абай еліне аттанады.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив