KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 3 м/с, С
443.72 482.28 4.9

Қымыз өндірушілерге өтемақы қалай төленеді?

7.08.2012, 18:00 146


– Қымыз дайындап, сататын адамдарға субсидия төленеді екен дегенді естідім. Ол қалай беріледі, шарттары қандай екендігін білгім келеді.

Мұратбек Баймолдин


Сұраққа облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы Әлібек Саршанов жауап береді.


– Мемлекеттің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау-көмегі аз емес және ол жыл өткен сайын артып келеді. Мәселен, ол бұрын мал және егін шаруашылығы үшін берілсе, соңғы жылдары омарта ұстаушыларға, нақтырақ айтқанда, асыл тұқымды бал арасын өсіруші шаруашылықтарға беріле бастағаны белгілі. Өткен жылдан бастап оның қатарына қымыз бен шұбат дайындау да қосылды. Осы жөнінде Қазақстан Рес-публикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16-мамырда №625 қаулысы қабылданған болатын. Осы қаулыда субсидияның кімдерге, қалай төленетіндігі туралы толық айтылған. Оған қысқаша тоқтала кетсек, мәселен, қымыз дайындап, өткізушілердің сауатын биелерінің саны кемі 35 болуы керек. Оған қоса қымызды дайындайтын, тиісті талаптарға сай келетін шағын цех болуы қажет. Сауылатын биелер мен басқа жылқылардың ветеринарлық тексеруден өткендігі, ауруларға қарсы егілгендігі туралы мал дәрігерінің, ауыл әкімінің қолы қойылған анықтамасы талап етіледі. Өткізілетін қымыз көлемі кемі он тонна болуы тиіс. Бұл–ең негізгі талаптар.

Қымыз бен шұбат дайындаушылар өтемақы алу үшін аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне арыз береді. Өндірілген әр келі қымызға төленетін ақы–60 теңге. Бір қарағанда қымыз дайындайтындарға қойылатын талаптар ауыр, шарттары қатал сияқты көрінгенімен, оны орындауға болады. Сондықтан да болар облысымызда қымызға субсидия алуға өтініш білдірушілер қатары аз емес.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив