KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Ольга Рыпаковаға кабриолет сыйланды деген ақпарат жалған болып шықты

8.08.2012, 18:00 127


Олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковаға кабриолет сыйланды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Ол көлік чемпионды күтіп алу салтанаты үшін жалға алынған болатын, деп жазады «Время» газеті.

Басылымның атап өтуінше, Олимпиада ойындарындағы жеңісі үшін облыстық әкімдік Ольга Рыпаковаға 50 мың доллар сыйлайды. Сонымен қатар, ай сайынғы стипендия ретінде 2000 доллар тағайындалады.

«Газеттің өткен нөмірінде біз Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Олимпиада чемпионы, жеңіл атлет Ольга Рыпаковаға алтын медалі үшін кабриолет сыйлады деп жазған болатынбыз. Алайда Бердібек Машбекұлы мәселенің мәнін ашып беруге асықты: спортшыға шынымен де автомобиль сыйланған, бірақ ол кабриолет емес, кроссовер KIA Sorento және ол Олимпиадада жеңгені үшін емес, 2011 жылы әлем чемпионатынан кейін тарту етілген. Сонымен қатар, 2009 жылғы Әлем чемпионатында алтын әкелген Ольгаға 3 бөлмелі пәтер де сыйланған еді», - деп жазады басылым.

Ал Ольга Рыпакова мініп келе жатқан фототілшілердің суреттеріндегі кабриолетке келер болсақ, әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, оны чемпион қызды салтанатты түрде қарсы алу үшін шараға әдейі әкелген. Яғни, жалдап алынған, ешқандай да сыйға тартылмаған.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив