KZ
Өскемен
+21°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Абайлықтар да асарға келді

5.08.2012, 18:00 185


Өскемендегі орталық мешіттің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Себебі, береке мен бірлікті ту етіп, игілікті іске асыққан облысымыздың жақсылыққа жаны құмар жұрты алыс-жақыннан ат арытып келіп, еңселі мешіт құрылысына өз үлестерін қосуда, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың бастамасы шалғайда жатса да сауапты іске білек сыбана кірісер абайлық-тарды бейжай қалдырған жоқ.
Құрамында кез келген істің қиюын келтірер құрылысшылары бар, білектің күшін сарқа жұмсайтын жұмысшылары бар, жалынды жігіттерден жасақталған абайлық ағайын орталық мешіт құрылысына өз үлестерін қосуға белсеніп келді. Қасиетті Рамазан айындағы игі іске Абай ауданының азаматтары аянып қалмай, жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстарға білек түре кірісті.

– Қасиетті айда салынып жатқан мешіттің бір кірпішін болсын қаласу – біз үшін үлкен қуаныш. Өскеменге келген сайын зәулім мешіт құрылысына қызыға қарап жүруші едік, енді, міне өзіміз де көмектесудеміз. Бұл сауапты іске қатысқанымызға разымыз. Бәрі Алла разылығы үшін, – дейді еңселі мешітте белсене еңбек еткен абайлық азаматтар.

Мешіт құрылысында осы күні 250-ден астам жұмысшы-құрылысшылар еңбек етіп, тер төгіп жатыр екен. Абайлықтар құрылысшы қауымға ақ дастарқан жайып, түскі ас берді. Ауданнан арнайы келген аспаздар ас дайындап, дастарқан жайды.

Осы орайда хакім Абайдың «Берекелі болса ел, жағасы жайлау ол бір көл...» деген сөзі ойымызға оралды. Салынып жатқан мешіттің осындай береке мен бірліктің, тату тірліктің, ынтымақ пен ырыстың арқасында бой көтеретіні белгілі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив