KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Зайсандықтар мешіт құрылысына тағы да көмекке келді

13.08.2012, 18:00 184


Облыс орталығында салынып жатқан мешіт құрылысының асарына аудандар қайтара көмекке келе бастады. Бұл тамаша шараны алғашқы болып зайсандықтар қолға алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өткен жолы бұл аудан 65 адаммен келіп, жұмыс істесе, бұл жолы да 500 шақырымды алыссынбаған олар 60 адам болып келіпті.

– Асар – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан, береке-бірлікті көрсететін ата дәстүріміз. Біздің аудан үшін мешіттің асарына атсалысу үйреншікті жұмыс болып отыр. Айталық, азаматтарымыздың ұйымшылдығымен өңірімізде «Туған жерге – тағзым» акциясы аясында 13 мешіт бой көтерді. Ал бұл жолғы келуіміздің басты ұйымдастырушысы – аудан әкімі Серік Зайнулдин, – дейді «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қазыбек Биқадамов.
Дүйсенбі күні құрылыс басына таң бозынан келген олар алты-алтыдан бөлініп, мешіттің әр жеріндегі шаруаларға білек сыбана кірісіп, түс әлетінде осындағы алып құрылыста жүрген барлық азаматқа әдейілеп әкелген дәмдерінен түстік ас берді.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив