KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

RADIO ALTAY жаңалықтары - 02 тамыз 2012 жыл

1.08.2012, 18:00 59


Кешкі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Өскемендегі орталық қалалық кітапханада «Мемлекеттік тіл-мемлекеттік қызметте» атты тіл сайысы өтті. Сайыс қорытындысында қалалық қаржы бөлімінің «Томирис» командасы бас жүлдені еншіледі. Бірінші орынды қалалық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлерінен жасақталған «Ақжүніс» командасы иеленді. Жүлделі орын алған қызметкерлерге бағалы сыйлықтар берілді.

Бесқарағай ауданында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік құрылымы бойынша әлеуметтік сектордағы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы жобаларды іске асыру жөнінде семинар өткізілді. Семинарға «Лидер» консалтинг компаниясы бас директорының орынбасары Төленді Күздеубеков қатысып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Өскемен қаласында салынып жатқан мешіт құрылысы аяқталуға таяп қалды. Осы құрылысқа Глубокое ауданындағы мемлекеттік қызметкерлер келіп, екі күн бойы жұмыс істеп, көмектесіп қайтты.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында Семей қаласына қарасты Приречное ауылдық округіне 27 миллион теңге несие берілген. Осы көмекке орай ауылдың 13 тұрғыны бүгінгі таңда өздерінің шағын кәсіпкерлік жұмыстарын бастап, еңбектерінің жемістерін көруде. Солардың бірі Жеңіс Байсуақов 3 миллион теңге несиеге екі құлыны бар сауынды бие сатып алып, Семей қаласының тұрғындарын қымызбен қамтамасыз етуде. Жыл аяғына таман 10 бие байлап, күніне 50-60 литр қымыз өндірмекші.

Бородулиха ауданының ауылдарында тұрып жатқан мүмкіндгі шектеулі балалар мен 18 жастан асқан мүгедектер Семей қаласындағы биологиялық орталықта болып, аңдар мен құстарды тамашалады. Ойын-сауық саябағында қайықпен серуендеді. Бородулихалық қонақтарға тегін қызмет көрсетілді. Бұл сапарды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдастырды.



Таңертеңгі шығарылым RADIO ALTAY



Сәлеметсіздер ме құрметті радиотыңдаушылар! «Алтайньюс» сайтындағы «Алтай» интернет-радиосының жаңалықтарын тыңдаңыздар.

Күршім ауданының балық өсірушілері Зайсан көліне 65 мың ұсақ бекіре жіберілгенін хабарлады. Бұған дейін ихтиолог ғалымдар көлде зерттеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде Зайсанда бекіре тұқымдас балықтардың өсу мүмкіндігі бар екені анықталған. Зайсанға ұсақ бекірелерді жіберумен Алматы облысының Шілікбалық өсіру кәсіпорны айналысты.

Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде «Жас заңгерлер достастығы» ұйымы арнайы жобаны қолға алды. Жоба бойынша, жас заңгерлер тұрғындарды отбасы, тұрғын үй, құқықтық теңдік, әкімшілік құқық сияқты мәселелер бойынша сауаттандырып, ақпарат-кеңестерін беріп отырады.

Бородулиха ауылындағы «Мәдина» базарында «Демалыс күнінің жәрменкесі» өтті. Жәрмеңкеге аудандағы ауылдық округтері көкөніс, жеміс, сүт өнімдерін, қымыз, бал кептірілген саңырауқұлақ әкелді. Бородулиха ауылдық округі сиыр, қой, құс еттерін ұсынды.

Тарбағатай ауданында ауылдық округтердегі мәдениет және клуб үйлерінің ұйымдастырушылары, сондай-ақ, кітапханашылардың қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. Онда қысқы маусымға дайындық, халықпен тығыз байланыста жұмыс істеу және алдағы уақытта шешімін таппаған мәселер қаралды.
Бесқарағай ауданында аумағында Азаматтық қорғаныс бойынша жаттығу өткізілді Бесқарағай ауылының орталық алаңында жедел әрекет ету жасақтары құрамындағы 50 адам 12 арнайы техникасымен келіп, өз міндеттерін пысықтады.

Зайсан қаласының «Жеменей» ашық суға жүзу бассейнінде балалар арасында жүзуді насихаттау мақсатында жарыс өткізілді. Жеңімпаздар «Сайхан» спорт клубының грамоталарымен марапатталды.





Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив