KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Семейде компьютерді де, орыс тілін де үйретеді

31.07.2012, 18:00 151


Семейде БҰҰ-ның Даму бағдарламасы бойынша «Семей Жастар ассамблеясы» қоғамдық бірлестігі шеттен келген қандас бауырлар үшін компьютерде жұмыс істеп, орыс тілін еркін меңгеру үшін арнайы оқу курстарын ұйымдастырды, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Курстың басты мақсаты – қазіргі Қазақстан қоғамына алыстан келген оралман қазақтарды тезірек бейімдеу. Соның нәтижесінде шеттен келген бауырларымыз кириллицада оқып, жазып, ресми құжаттарды еркін толтыру мүмкіндігіне ие болып отыр. «Семей Жастар ассамблеясы» бірлестігінің өкілдері айтқандай, оқыту курстары Үржар, Зайсан, Тарбағатай, Ұлан аудандары мен Семей, Өскемен қалаларын қамтыған. Семейде осындай курстар 25 рет өткізіліпті. Аталмыш курстың оралман ағайындар үшін пайдасы зор және өте ыңғайлы. Оқулары тәмамдалғаннан кейін қандастарға арнайы тест жүйесі бойынша тақырыпты қаншалықты меңгергендігі жөнінде сұрақтар қойылады. Соның қорытындысы бойынша олар сертификатқа ие болып, осы құжаттары бойынша жұмысқа еркін орналаса алады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив