KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 3 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Жастар тындырар жұмыс көп

30.07.2012, 18:00 82


Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ тікелей қолдауымен құрылған «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қадамына 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласын және өңірдегі қалалар мен аудандар жастарын жұмысқа орналастыруға байланысты кадрлық агенттіктің ашылуын кеңінен насихаттап түсіндіру үшін жастармен, жұмыс беруші кәсіпорындармен кездесулер өткізуде. Осындай кездесулердің бірі Катонқарағай ауданында өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

«Жастар бастамаларын дамыту орталы-ғының» директоры Арайлым Есімбекова жиналғандарға кәсіпорынның қызметін, мақсаты мен міндетін түсіндіріп берді. Солардың басты-ларының бірі – жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру, олардың жоғары оқу орнынан кейінгі жұмыспен қамтылуына ықпал ету. Жастардың орталығы облыстық ішкі саясат басқармасы жанынан құрылып отыр. Мұның өзі мемлекеттің жастар саясатына баса көңіл бөліп отырғандығын, сонымен бірге орталыққа жергілікті атқарушы билік органдарының қолдау көрсететіндігін аңғартады.

Ал алда атқарылар шаруа ұшан-теңіз. Арайлым Керімбекқызының айтуынша, бүгінгі таңда жастарымыз, әсіресе, ауылдық жерлердегі жастар түрлі мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуға аса белсенді емес. Ауыл шаруашылы-ғы саласында еңбек етуге құлықсыз. Қазіргі күннің сұранысындағы мамандықтар бойынша жұмыс істеуге енжарлық танытуда. Катонқарағай ауданының жастары да жалпы әлеуметтік мәселелерді шешудегі саяси акцияларға белсенді қатыспайды, мұндағы жастар ұйымы әділет органдарында ресми тіркелмеген, өз замандастарын қоғамдық жұмыстарға бас-тап әкететін көшбасшылар жоқтың қасы. Егер мұнда облыстық жастар орталығының филиалы құрылатын болса, кемшіліктің орнын толтырып, жағдайды оң бағытқа түзеуге әбден болады. Бұл айтылғандарға мысал да жоқ емес. Мысалы, кешкі уақытыңызды қалай өткізесіз деген сауалға жергілікті аграрлық-техникалық колледж оқушысының берген «компьютер ойнаймын, сосын ұйықтаймын» деген бүкпесіз жауабы дәлел болғандай.

Еліміздің дамуына бағытталған кез келген жастар бастамалары бүгінгі таңда мемлекеттің қолдауына ие. Бұл жөнінде жастар бастамалары секторының маманы Назым Құсманова айтып өтті. Назымның өзі жас болса да бас бола білген, «Білікті жастар лигасы» қоғамдық бірлестігін құрушы ретінде танымал. Ол жастардың жұмысқа орналасуы барысында туындайтын қиындықтарға тоқталып, кадрлық агенттіктің жастарды жұмыспен қамтамасыз етуге байланысты бос жұмыс орындары туралы мәліметтер базасын құру жайында әңгімеледі.

Ал білім мекемелерімен және жастар ұйымдарымен жұмыс секторының маманы Дархан Оспанов Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қадамына 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында айтылғандарды түсіндіріп, баяндама жасады.
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залына жиналған жастар «Жастардың жұмысқа орналасуы» тақырыбындағы сауалнамаға жауап берді.

Алайда, жиналғандардың дені жұмыс істейтіндер болғандықтан, ұйымдастырушылар күткендегідей ашық пікір бөлісу, сұхбатқа шығу бола қойған жоқ. Осының өзі-ақ, ауылдағы жастардың әлі де уақыт талабынан кешігіп жатқандығын байқатады. Жиынды білім мекемелерімен және жастар ұйымдарымен жұмыс секторының жетекшісі Ербол Тілеуберді қорытындылап, жастардың проблемаларын шешу өз қолында екендігін жеткізді.

Орталық жетекшілері сондай-ақ, жұмыс беруші кәсіпкерлермен де кездесу өткізді.

– Кездесу барысында жұмыс беру-шілермен жақсы қарым-қатынас орната алдық. Олар тұрғындарды жұмыспен қамтудағы негізгі мәселелерді анықтап берді, – дейді Н.Құсманова.

Кәсіпкер Н.Таңарықованың айтуынша, онда кадрлар жетіспеушілігі бар. Оған төрт наубайшы, отжағушы қажет. Ол аграрлық-техникалық колледжде наубайшылар даярлайтын мамандық ашылса деген ұсынысын білдірді.

Сол сияқты «Нарын» МКК-ның хатшы-іс жүргізушісі Н.Боранбаева кәсіпорынға газбен, электрмен дәнекерлеушілер, қалаушы-лар, электршілер, аспаздар, жиһазшылар, құрылысшылар қажет болса, жеке кәсіпкер Т.Тоқановқа сатушы, жүк тиеуші керек.

Кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Е.Мамыров әлеуметтік кепілдеме мәселесін көтерді. Онсыз жас мамандардың көпшілігі ауылды жерге жұмысқа келуге келісе бермейді.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеу-меттік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы А.Базарова аудан көлеміндегі бос жұмыс орындары туралы ақпараттарды жария етті. Ол бойынша «Диас» шаруа қожалығына механизатор, «Арманға» мал дәрігері және механизатор, «Самайға» механизатор, дәнекерлеуші, «Надежда-ға» сауыншы, «Калинина» ЖШС-не бақташы, «Абзал» шаруа қожалығына екі тракторшы, екі маралшы, «Адалға» тракторшы, «Жаңа Үлгіге» мал өсіруші, «Қуатқа» шопан, «Тайбурыл» шаруа қожалығына мал өсіруші қажет. Сонымен бірге білім беру, мәдениет, денсау-лық сақтау салаларына да жас кадрлар керек.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив