KZ
Өскемен
+23°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

Светлана Ферхо Зайсан тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады

21.07.2012, 18:00 129


Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі Светлана Ферхо іссапармен Зайсан қаласында болып, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Депутаттың қабылдауына алдымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік қызметкері С.Бортықаева келді. Ол аудандағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға әлеуметтік такси қызметі өте қажеттігін, бұл мәселенің шешімін табуына көмек жасауын сұрады.

Сол секілді М.Әуезов атындағы орта мектептен келген А.Исекенова қалада өсіп келе жатқан кішкентай бүлдіршіндер балабақшадан мұқтаждық көріп жүргенін ортаға салып, Зайсаннан жаңа балабақша мен мектеп салу мәселесінің шешімін табуына ықпал жасауын өтінді.

Сондай-ақ, қабылдау барысында жұрт көкейінде жүрген басқа да сауалдар айтылды. Содан кейін аудандық әріптестерімен кездесу өткізген Светлана Ферхо осы уақытқа дейін Мәжілісте талқыланып, Сенатта қабыл-данып, Елбасы қол қойған Заңдар туралы жан-жақты әңгімеледі.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив