KZ
Өскемен
+19°
переменная облачность жел 3 м/с, З
443.44 480.51 4.88

Әлеуметтік-экономикалық даму жағынан ШҚО бірінші орында тұр

15.07.2012, 18:00 161


Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі және динамикасы рейтингісінің қорытындылары төмен-дегідей:

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі облыстар және Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері арасында 2011 жылғы рейтинг қорытындыларын шығарды. Әлеуметтік-экономикалық даму динамикасына қатысты рейтинг нәтижелері бойынша Шығыс Қазақстан облысы 1-орын алды, деңгей бойынша – 12-орын.

2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлері бойынша Өскемен, Курчатов, Риддер қалалары, Зайсан, Бородулиха және Зырян аудандары дамудың жоғары деңгейлі тобына жатады. Дамудың орташа деңгейлі тобына Семей қаласы, Абай, Катонқарағай, Күршім, Жарма, Шемонайха, Глубокое аудандары жатады. Дамудың төменгі деңгейлі тобына Ұлан, Үржар, Көкпекті, Аягөз, Тарбағатай, Бесқарағай аудандары жатады.

Облыстық маңызы бар қалалар және аудандар арасында әлеуметтік-экономикалық даму динамикасы бойынша даму динамикасы жоғары өңірлер тобына Бородулиха, Аягөз, Күршім, Зайсан, Үржар, Көкпекті аудандары жатады.

Даму динамикасы орта өңірлер тобына Курчатов, Өскемен, Риддер қалалары, Глубокое, Бесқарағай, Катонқарағай, Тарбағатай аудандары жатады.

Даму динамикасы төмен өңірлер тобына Семей қаласы, Шемонайха, Абай, Зырян, Ұлан, Жарма аудандары жатады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив