KZ
Өскемен
+3°
небольшая облачность Штиль
478.93 534.96 5.16

ШҚО әкімінің есебін қалың жұртшылық қала көшелерінде орналасқан LED-экрандардан да көре алады

12.02.2013, 18:00 289


ШҚО әкімінің есебін қалың жұртшылық облыстық «Қазақстан-Өскемен» телеарнасында тікелей эфирде немесе қала көшелерінде орналасқан LED-экрандардан, «ОТАУ ТВ» қазақстандық спутниктік телетаратылымы арқылы көре алады, деп хабарлайды Altaynews.kz. тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаевтың халық алдындағы есебі 18-20 ақпанда өтеді.

- Семей қаласында 2013 жылғы 18 ақпанда сағат 11.00 –де Абай атындағы театрда Семей, Курчатов қалалары, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар аудандары өкілдерінің қатысуымен;

- Өскемен қаласында 2013 жылғы 20 ақпанда сағат 11.00 –де С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің №5 ғимаратында Өскемен, Риддер қалалары, Глубокое, Зайсан, Зырян, Күршім, Көкпекті, Катонқарағай, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха аудандары өкілдерінің қатысуымен өтеді.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив