KZ
Өскемен
+3°
небольшая облачность Штиль
478.93 534.96 5.16

Облыс әкімі есеп береді

7.02.2013, 18:00 158


Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 18 және 20 ақпанда облыс тұрғындары алдында есеп береді, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Облыс әкімінің есебі
– Семей қаласында 2013 жылғы 18 ақпанда сағат 11.00-де Абай атындағы театрда Семей, Курчатов қалалары, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар аудандары өкілдерінің қатысуымен;

– Өскемен қаласында 2013 жылғы 20 ақпанда сағат 11.00-де С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің №5 ғимаратында Өскемен, Риддер қалалары, Глубокое, Зайсан, Зырян, Күршім, Көкпекті, Катонқарағай, Тарбағатай, Ұлан, Шемонайха аудандары өкілдерінің қатысуымен өтеді.

Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің халық алдындағы есебінің тезистеріне қатысты пікірлеріңіз, ұсыныстарыңыз және ескертулеріңіз бойынша 2013 жылғы 11-13 ақпан күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін, сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін 24-24-24 телефоны арқылы немесе облыс Әкімінің www.akimvko.gov.kz сайтындағы «Әкімдердің есепті кездесулері» айдары арқылы хабарласуға болады.

(Облыс әкімі есебінің тезистері облыстық «Дидар» газетінің 16 –санының 6-7, 18-19 беттерінде жарияланды).

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив