KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 1,4 м/с, СБ
481.84 531.33 5.07

Ешбір бала қараусыз қалмайды

9.07.2012, 18:00 161


Баланың аяқ астынан жоғалуы, беймезгіл жетім қалуы немесе өз беттерімен үйден кетуі қашанда қайғы әкелетіні шындық. Енді жалпы қараусыз қалған балаларға пана болар орын табылды. Бұл орталықта оларды тиянақты тамақтандырады, жүрек жылуын беріп, аялайды, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Өткен жылдың жазында ашылған «Кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығы» қараусыз қалып, әр ауданнан келген балаларды қабылдай бастаған. Олардың арасында жақын шетелдің де балалары кездеседі. Негізінен біздін орталыққа бауыр еті – баласының тәрбиесімен айналыспай, нашақорлыққа немесе ішімдікке салынған ата-аналардың балалары түседі.

Біз ең алдымен орталыққа түскен баланың мұнда тап болуының себеп-салдарын сұрап, анықтаймыз. Осындай процедурадан кейін оған тез арада медициналық-психологиялық және оқу-тәрбиелік жағынан көмек көрсетеміз.

Орталықтың басты мақсаты – баланы отбасына қайтару, бірақ одан былайғы уақытта отбасы мүшелерінің баламен қарым-қатынасын біліп отыру. Мұндай отбасылармен біздің «Отбасы және бала» орталығы жүйелі жұмыс істейді.

Сөз соңында орталықта тәулік бойы жұмыс істейтін 22-16-73 телефоны арқылы қиын жағдайға тап болған балалармен қатар ересек адамдар да қажетті көмек ала алатынын айтқымыз келеді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив