KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 4,8 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Жармадағы жоба жақын уақытта жүзеге асады

5.07.2012, 18:00 121


Еліміздің 2010 - 2014 жылдарға арналған индустриялды-инновациялық даму картасына енген жобалардың бірі Жарма ауданындағы құрғақ цемент шығаратын зауыт құрылысы алдағы айларда толық аяқталады деген үміт бар, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

«Қазақцемент» ЖШС қолға алған осы зауыт құрылысы қызу басталғанымен, өткен жылы түрлі себептермен тоқтап қалған болатын. Биыл ол қайтадан қолға алынып, қазір ең соңғы монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Көршілес қытай елінен келген мамандар алдағы айдың аяғына дейін межелеген жұмыстарды толық аяқтамақ көрінеді. Шетелдіктер сондай-ақ жергілікті мамандарды үйретіп, зауыт алғашқы қалыптасу кезеңінен өткенше жұмыс істемек. Құны 19 миллиард 500 миллион теңге болатын, жылына бір миллион тонна құрғақ цемент шығаруға жететін өндіріс орнының еліміздің құрылыс индустриясының дамуындағы алар орны үлкен болмақ.

– Күздің алғашқы айына қарай құрылыс толық аяқталып, өндіріс орны іске қосылады деп отырмыз. Зауытта барлығы 500 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілетін болады, – дейді осы орайда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары Жарқын Мұсағалиев.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив