KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 2 м/с, СШ
450.79 482.21 5.05

ШҚО-ның кәсіпорындарына менеджмент жүйелері енгізілмек

4.07.2012, 18:00 104


Таяуда облыс орталығы Өскеменде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті мен «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК бірлесіп кәсіпорындарға менеджмент жүйелерін енгізу тақырыбында арнайы семинар өткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Жалпы өндірілген өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, өндіруші өндірістен өңдеуші өндіріске өту үшін, тұрғындардың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандырып, тұтынатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін құруда менеджмент жүйелерінің атқарар рөлі өте зор. Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Дина Тоғанасованың айтуынша, қазіргі күні өңіріміздегі кәсіпорындар бұл бағыттағы жұмыстарды белсенді жүргізіп жатқан көрінеді. Нақты айтқанда аймақтағы 279 кәсіпорын осы менеджмент жүйесі арқылы жұмыс істеуде. Семинарда аймақтағы кәсіпорындардың бірқатар өкілдері менеджменттің интеграцияланған жүйесін енгізу тәжірибелерімен бөлісті. Семинарда сонымен қатар ISO 50001:2011 «Энергоменеджмент жүйесі» стандартының талаптары туралы академик Ш.Чокин атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу энергетика институтына қарасты энергияны үнемдеу орталығының директоры Арман Аманғалиев арнайы баяндама жасады. Оған қатысушылар қазақстандық өнімнің шетелге экспортын арттырып, өнім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін ең алдымен кәсіпорындарға менеджменттің қазіргі заманғы жүйелерін енгізудің маңыздылығын көңілдеріне түйіп қайтты.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив