KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 1 м/с, С
471.46 504.79 5.53

Шығыс Қазақстанда тамақ және қайта өңдеу кәсіпорындары тұрақсыз жұмыс істеді

24.06.2012, 18:00 107


Шығыс Қазақстан блыстық ауыл шаруашылығы басқармасының деректеріне қара-ғанда, аймағымыздағы бірқатар тамақ және қайта өңдеу кәсіпорындары тұрақсыз жұмыс істеді. Соның салдарынан тауарлы өнім өндіру көлемі небәрі 62,3 миллиард теңгені құрады, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Жалпы алғанда облыста азық-түлік өнімдері аймақ қажеттілігінен біршама артық болғанымен, өңірдің қайта өңдеу саласындағы оның үлес салмағы небәрі 7,8 пайызды құрап отыр. Оған салаға өткен жылы тартылған 2,2 миллиард теңгенің инвестициясы да айтарлықтай әсер ете алған жоқ.

– Ақсап тұрған ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен тамақ өнеркәсібінің жұмысын жандандыру үшін өндірісті жаңғыртуды жолға қойған жөн, – дейді мамандар. Осы бағытта өткен жылы осындай 14 кәсіпорында 1,6 миллиард теңге қаржы жұмсалынды. Олардың ішінде Өскемен сүт зауыты және Семейдегі тері-былғары комбинаттары бар. Одан басқа Зайсан ауданында тәулігіне 5 тонна сүт өңдейтін және ұн шығаратын екі шағын өндіріс орны ашылды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив