KZ
Өскемен
+24°
небольшой дождь жел 2 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Семейде Қазақстанның тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің қазіргі жағдайы мен даму болашағына арналған халықаралық конференция өтеді

27.05.2013, 18:00 179


Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті инженерлік-технологиялық факультетінде (бұрынғы Семей ет және сүт өнеркәсібінің технологиялық институты) тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібіне инженер-мамандар дайындаудың 50 жылдығына арналған «Қазақстанның тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі: қазіргі жағдайы мен даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Осы салтанатты іс-шара кәсіпорындардың жетекші мамандары мен факультеттің белгілі атақты түлектерінің басын қосады.

Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтының көптеген түлектері тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында, ғылыми-зерттеу, жобалау институттарында, кәсіпорын басшылығында, өнеркәсіп бірлестіктерінде сәтті еңбек етуде.

Іс-шара барысында Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтының тарихы және әр жылдары бітірген белгілі түлектер туралы жазылған кітаптың тұсауы кесіліп, ШҚО тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылмақ. Инженерлік-технологиялық факультетінде С.Д.Ульянов, А.Ф.Еникеева, Т.Ж.Сүлейменованың атаулы дәрісханалары ашылады.

«Қазақстанның тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі: қазіргі жағдайы мен даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында Қазақстанның, алыс және жақын шетел тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің жетекші мамандар мен ғалымдардың баяндамалары тындалады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив