KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Тірек ауылда бес коммуналдық тұрғын үй салынады

12.06.2012, 18:00 84


Ақжар ауылында әлеуметтік сала бойынша бес жоба жасалып, оған 121 миллион 250 мың теңгенің қаржысы қарастырылып отыр.

Жаңадан 28 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Нақтырақ айтқанда, облыстық бюджеттен бөлінген 52 миллион теңгеге №2 медициналық бірлестіктің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіліп, 6 миллион 700 мың теңгеге 250 орындық балабақшаның жобалау-сметалық құжаттары жасалмақ. Тағы да 5 миллион теңге М.Әуезов мектебі мен 300 орындық интернаттың жобалық құжаттарын әзірлеуге бөлініп отыр.

Ақжарда ашылатын өнер мектебіне де 11 миллион теңге берілген. Мәдениет үйінің күрделі жөндеуіне 47 миллион теңге кетпек. Ал инфрақұрылым саласы бойынша ауылдағы су құбырына алты миллион теңге бөлінді. Жаңадан бір пәтерлі бес коммуналдық пәтер тұрғын-үй салынады. Су күшейткіш мұнараға, үш көшенің жолдарына ағымдағы жөндеу жүргізілмек. Оған қоса он сегіз көшедегі жолдарды жөндеуге және абаттандыруға бюджеттерден және несие қаржылары беріліп отыр.

Тірек ауылдарды дамыту бағдарламасы бойынша Ақжарда атқарылатын жұмыс-тардың біразы осындай. Үш жылға жоспарланып отырған шаралардың ауқымдысы ағымдағы жылдың үлесіне тиіп отыр. Ал оның негізінен жаз мезгілінде жүрімді болатыны және бар. Сондықтан уақытты ұту үшін дәл қазір қарқынды қимыл керек екендігін ақжарлықтар жақсы біліп отыр.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив