KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Өскеменде жас инспекторлар слеті болып өтті

11.06.2012, 18:00 230



Өскемен қаласындағы №9 орта мектепте облыстық жас жол қозғалыс инспекторларының слеті болып өтті. Бұл шараға қала мектептерінен 4 команда және облыстағы 14 ауданның жас жол қозғалыс жасақтары қатысты.

Аталмыш сайысқа келіп, бақ-тарын сынаған үміткерлер «Сапта тұру мен ән байқауы», «Үгіт бригадасы», «Жас санитар», «Жас реттеуші», «Қауіпсіз дөңгелек», «Жол- қозғалыс ережелері», «Командирлер байқауы» сынды 7 кезеңде өз өнерлерін көрсетті. Тартысты өткен жарыстың жалпы қорытындысы бойынша бірінші орынды қаладағы №9 орта мектеп иеленсе, екінші және үшінші орындарға Көкпекті ауданы мен Өскемен қаласының №1 орта мектептері тұрақтады. Сайыс соңын-да үздік өнер көрсеткен командалар мен жарыс жеңімпаздарға мақтау қағаздар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив