KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
443.44 480.51 4.88

Риддерлік балғындар үшін төрт лагерь ашылады

11.06.2012, 18:00 99


Жаз мезгілін бала атаулының ынтыға, қызыға күтетіні белгілі. Риддер қаласының оқу бөлімі мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру, денсаулығын нығайту жөніндегі арнайы іс-шараларды іске асыруға кірісті.

Биылғы жазда 4560 оқушының демалуына жағдай жасалады.

Қала сыртында төрт лагерь ашылады. Сауықтыру лагерьлерінде 1560 оқушы демалмақшы. Әлеуметтік жа-ғынан аз қамтылған отбасылардың балалары, жетім балалар, мүгедектер, мектеп үздіктері, спортшылар мен пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне арналып, жазғы демалыс лагері жұмыс істейді. Сондай-ақ, төрт бала шетелдердегі шипажайларға емделуге барады. 1480 оқушы өлкетану-туристік жорықтарға шығады. 10 сынып оқушыларынан құрылған 18 жөндеу бригадасы ұйымдастырылады. Жеке кәсіпкерлер мен балалар-дың ата-аналарының келісімімен 158 оқушы ақылы жұмыспен қамтылады.

Балалар жазғы демалыс орындарында денсаулықтарын жақсартып, уақыттарын тиімді өткізеді, суға шомылып, әр түрлі ойындарға қатысады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив