KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Оқушылар экотуризм жобасымен жорыққа аттанады

6.06.2012, 18:00 156



Жарма ауданының Шалабай ауылындағы орта мектеп басшылығы биыл балаларды экологиялық туризм жобасы бойынша жорыққа шығаруды жоспарлап отыр.

Ол үшін қажетті дайындық шаралары да алдын ала жасалыпты. Алдымен қыс бойы оқушылар арнайы ашылған үйірмеде экотуризм туралы білімдерін толықтырып, оған қоса туған өлкелерінің табиғаты туралы мәліметтер алыпты. Жазда жорыққа шығу жоспарланған соң қажетті палаткалар, суда жүзетін қайық сатып алыныпты. Тіпті, от жағатын ошақ пен ас даярлайтын ыдыс-аяқ жағы да ұмыт қалмаған көрінеді. Жүретін жолдың бағыты анықталып, ол бойынша балалар Жеті терек бағытында, Қызыл су өзендері бойымен саяхаттап, Қарашоқы көлінен балық ауламақ көрінеді. Осылайша жорыққа сайланған балалар енді күннің әбден жылынуын ғана тосып отыр екен.

– Біздің жобамызға қызығушылық білдірген ауданымыздағы басқа мектептердің оқушылары да оған қатысуға тілек білдіріп отыр, – дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Галина Мұздыбаева.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив