KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Халал астың адамның рухани дүниесіне пайдасы бар ма?

5.06.2012, 18:00 281


– Халал тағамдардың адам денсаулығына, рухани дүние-сіне тигізетін пайдасы бар деп айтып жатады, сол рас па? Халал ас туралы шариғатта не айтылған?

Нұрболат Қайырлыұлы


Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы уағыз-насихат бөлімінің бас маманы Алтынбек Ұтысхан жауап береді:


– Халал тағамдардың адам-ның рухани дүниесіне тигізер әсері мол. Мұсылманды дүниенің ең таза, адал адамы еткен нәрсе де сеніммен бірге шариғаттың бұйрық-ережелеріне сай өмір сүруі, халал азықпен қоректеніп, дұрыс жолмен дүние-мүлкін табуы. Егер бір адамның ішкен-жегені, киген киімі харам жолмен болса, оның дұға, тілегіне, құлшылық, ғибадатына, яғни, рухани болмысына кері әсері тиеді. Осыған байланысты Алла елшісінің (с.ғ.с.) мына бір хадисінде бір адамның алыс сапарға шы-ғып, алба-жұлбасы шыққан кейіпте екі қолын көкке көтеріп, Алладан дұға қылғаны жайында жеткізе келе: «Алайда, оның ішкен-жегені, киген киімі харам болса, дұғасы қалай қабыл болсын?» (Сахих Муслим, 2-том, 703-бет. Дәру Ихиа ит-турасил-араби баспасы, Бәйрут) деген. Адамдардың көбісі дұға жасай салып, дұғам қабыл болмайды деп шағым айтып жатады, алайда ішкен-жегені мен нәпақасын қалай тапқанына аса көңіл аудар-майды. Сондықтан табыстары-мыздың рухани дүниемізге әсері тисін, дұғамыз қабыл болсын десек, Алла тағаланың шариғатта тыйған харам нәрселерінен тыйылып, халал, рұқсат еткендерімен жүрген дұрыс. Осылайша адам тәнін және рухын тазалайды.

Ішіп-жеу, киім-кешек, дүние-мүлік тәріздес нығметтердің барлығы – Алла тағаланың біздерге сыйлаған сыйы. Бұл жерде әркім ненің адал, ненің арам екенін ажырата білгені жөн. Алла тағала Құранда: «Әй, адам баласы! Жер жүзіндегі халал, таза нәрседен жеңдер!» деп бұйырған. Яғни, ағзаға, ақыл-еске кері әсер етпейтін сансыз халал рызықтарын жеңдер деуде. Дінімізде ішіп-жейтін барлық қоректеріміздің қайсысы халал, қайсысы харам екені анық көрсетілген.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив