KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 6 м/с, Ю
443.37 474.49 4.83

Полицейлер балалардың өмірі үшін қан тапсырды

5.06.2012, 18:00 149




Жыл сайын балаларды қорғау күнінде Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті онкологиялық ауруларға шалдыққан балалар үшін қан тапсыру акциясына қатысады.

«Балаға өмір сыйла» атауымен өтетін бұл қайрымдылық акциясы департаментте дәстүрге айналған.

Полиция қызметкерлері таңертең ерте қан тапсыру үшін кезекке тұра бастады. Көмекті қажет ететін балаларға көмек көрсету үшін ішкі істер департаментінің барлық басқармаларының қызметкерлері қатысты. Алғашқылардың бірі Кадр жұмысы басқармасының және Ақпараттық техникалық қызмет басқармасының қызметкерлері болды.

Бір күн ішінде 50-ден аса полиция қызметкерлері қан тапсырып мұқтаж баларға аз да болса өз қол ұштарын бере білді. Биылғы өткізілген бұл акция ішкі істер органдарының 20 жылдығына арналды.

Өткізілген шара туралы ең алғашқы болып қан тапсырған ШҚО ІІД КЖБ Тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы Дастан Жапалов былай деді: жыл сайын департамент қызметкерлері ауруға шалдыққан көмекке зәру балаларға қол ұшын беру үшін қан тапсырады. Көп түкірсе көл деген. Біздің грамдап тапсырған қанымыз мұқтаж балардың дерттен сауығуына көмегін тиігізсе біз үшін ол үлкен қуаныш.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив