KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
443.37 474.49 4.83

Өскеменде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар арзан көмірмен қамтылатын болды

4.06.2012, 18:00 107


Өскемен қалалық әкімшілігі мен «Қаражыра» ЖШС қаладағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылары үшін жеңілдетілген бағамен 40 тонна көмір жеткізуге келісім жасады.

"Мұндай акция бұған дейін де өткізілген болатын. Біз 2009 жылдан бері осындай келісім шарт жасасып, нәтижесінде қалаға 106 мың тонна көмір жеткізілді. Қазір көмірді тұрғындарға жеңілдікпен жеткізу жағын қарастырып жатырмыз», дейді Өскемен қаласының әкімі Серік Тәукебаев.

Үш жылдан аса уақыт ішінде 18 мыңдай өскемендік нарық бағасынан шамамен 500-700 теңгеге арзан көмірмен қамтылған.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив