KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 3 м/с, ОБ
441.58 480 4.86

Өскемен тұрғындары көмірден тарықпайды

10.07.2014, 18:00 119



Алдағы жылыту маусымында Өскемен қаласының тұрғындары көмірден тарықпайды. Әсіресе, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, зейнеткерлер, көпбалалы аналар жеңілдетілген бағада қатты отынмен толық қамтылатын болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оны іске асыру мақсатында Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов пен «Каражыра Ltd» ЖШС-нің директоры Марғұлан Мәкішев арнайы меморандумға қол қойды.

- Бізде қыс маусымына дайындық аясында арнайы бағдарлама жасалған. Соған сәйкес «Қаражыра» серіктестігімен меморандумға қол қойдық. Ондағы көздейтініміз - халықты бағасы арзан, сапалы көмір-мен қамтамасыз ету. Бұл ең алдымен зейнеткерлерге, жағдайы төмен отбасыларға бағытталған. Бір отбасы 10 тоннаға дейін көмір алуға мүмкіндігі бар, - деді Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов.

Оның айтуынша, «Қаражыра» компаниясымен қалалық әкімдік арасында 40 мың тонна көмір алу үшін келісім жасалған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив