KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 3 м/с, СБ
443.72 482.28 4.9

Этноауылда «Біз – өз еліміздің патриотымыз» атты сайыс өтті

3.06.2012, 18:00 144


Мемлекеттік рәміздер күніне орай облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай қорығының Солжағау кешенінде «Біз – өз еліміздің патриотымыз» атты сайыс болып өтті.

Сахна төрінде бейнеленген мемле-кеттік рәміздер көздің жауын алып, байқау шымылдығын ырғақты әуен үніне мың бұрала билеген бишілер ашып берді. Байқауды облыстық Дос-тық үйі ұжымы ұйымдастырып, Достық үйінің этно-мәдени бірлестіктері мен шығармашылық ұжымдары қатысты. Облыстық Достық үйінің директоры Эльдар Төлеубек жиналған қауымға құттықтау сөзін жолдай отырып, биыл облыстық Достық үйіне 20 жыл толып отырғанын, бұл еліміздегі тұңғыш келісім ордасы екенін мақтанышпен айтты.

Сонымен, өнегелі байқауға әзірбайжан («Бүркіттер» командасы), шешен-ингуш («Тұлпар» командасы), неміс («Ландыши» командасы), украин («Көк аспан» командасы) ұлттық-мәдени бірлестіктері және «Шығыс Қазақстан мұсылман әйелдері» бірлестігі («Ақ ниет» әжелер өнер ұжымы) қатысты. Қазылар алқасының мүшелері өнерпаздар өнеріне әділ бағаларын берді.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив