KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 1,2 м/с, ОШ
480.11 532.25 5.14

Зыряндықтар зерделі іске мұрындық болды

4.07.2012, 18:00 205


Маусымның соңғы күні Өскемендегі этноауылда Зырян қаласындағы Достық үйінің есеп беру концерті өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Шара облыс Әкімінің орынбасары Ермек Көшербаев бекіткен кестеге сәйкес өткізілген-ді. Жыл бойында халықтың ынтымағын нығайтып, аудандардағы түрлі мәдени бірлестіктер мен өнер ұжымдарының облыс орталығымен байланысын арттыру мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан шара биыл Шығыс Қазақстан облысының 80 жылдығы мен облыстық Достық үйінің 20 жылдығына арналды.

Концертте ауданның этномәдени бірлестіктері мен мектептер жанындағы ұлттық-мәдени орталықтар Зырян жерін мекен ететін ұлттардың өнерін өнеге, дәстүрін паш етіп, «Родные напевы», «Зорюшка» вокалдық топтары мен «Росы», «Веснушки» би ұжымдары қазақ, орыс, неміс, поляк, татар, сыған халықтарының ән-биін жиылған жұртқа асқан шеберлікпен ұсынды.

Бұл күні ән-биден бөлек, домбырада қазақ күйлері, кларнетте еврейлердің халық әні, баянда орыс музыкасы ойналды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив