KZ
Өскемен
+20°
переменная облачность жел 1 м/с, С
443.72 482.28 4.9

Курчатовтық өнерпаздар құттықтады

1.04.2012, 18:00 303



Ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту, ана тілін, салт-дәстүрді, халықтар мәдениетін жаңғырту, Қазақстан жастарын патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында еліміздегі алғашқы Достық үйі 1992 жылы Өскемен қаласында ашылған болатын. Бүгінде шаһардағы Достық үйінің құрылғанына 20 жыл толып отыр.

Осы мерейтойға орай алғаш болып құттықтауға Курчатов қаласы Достық үйінің бір топ шығармашылық ұжымы Өскеменге келіп арнайы концерт беріп қайтты.
Концертте Курчатовтағы ұлттық ядролық орталықтың құрылғанына биыл 20 жыл, қала іргетасының қаланғандығына 65 жыл толғандығын ерекше атап, өз қуаныштарымен бөлісті облыс орталығына келген курчатовтықтар.

Бұл концерт облыстық Достық үйінің 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шаралардың бастауы болмақ. Кейін өзге де аудан өнерпаздары қалыспай облыс орталығындағы Достық үйі ұжымына құттықтау концерттерін ұсынатын болды.

Мерекелік шарада сөз алған Курчатов қаласының әкімі Александр Генрих:
- Барша курчатовтықтардың үлкен сәлемін жеткізе отырып, сіздерді бүгінгі қуанышты 20 жылдық мерейтойларыңызбен құттықтаймын. Түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері тұратын Қазақстан атты үйімізде әрдайым береке, бірлік, татулық болсын, - деп тілегін білдірген әкім сөз соңында облыстық Достық үйіне естелік сыйлық ұсынды.

Концертке жиналған қауым Курчатовтағы Достық үйінің өнерпаздары Мұрат Мұсаның орындауындағы терме, Нұркен Ахметовтің орындауында «Шернияздың күйін», Ахмет Ерқанаттың орындауында «Сегіз аяқ», ел арасында жиі орындалып жүрген «Қазақтай ел қайда», «Ағажай Алтай», «Ағайындар» сынды әуезді әндерін, мың бұралған «Фантазия» бишілер тобының билерін тамашалады.

Мәлімет көзі Altaynews




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив