KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 3 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Семейде қоғамдық көлік жүргізушілері жол ережесін 880 рет бұзған

3.06.2012, 18:00 103


Семейде «Автобус» және «Қауіпсіз қала» деп аталатын екі бірдей шұғыл алдын алу шаралары ұйымдастырылды.

Ондағы мақсат – шұғыл шараларды жүргізу барысында жол қауіпсіздігін күшейтіп, апаттардың алдын алу.

Көліктерінің техникалық жағдайы мен жүргізу-шілердің құжаттары тексерілді. Ресми деректерге қарағанда, жыл басынан бері Семейдегі қоғамдық көлік жүргізушілері жол ережесін 880 рет бұзған. Заң бұзушылардың алтауы көлікті мас күйінде жүргізсе, 270-і жылдамдықты шектен тыс асырған және басқа да заңсыздықтар. Қала бойынша 31 жол апаты оқиғасы туындаса, соның салдарынан 9 жолаушы зардап шеккен.

Шара барысында 112 автобус тексеріліп, оның 82-сі жол ережесін бұзғаны анықталды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив