KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

ШҚО-да «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасының барысында 2 513 бұзушылық анықталды

14.02.2012, 18:00 93


Шығыс Қазақстан облысында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасының нәтижелері қорытындыланды, Жолда жүру ережесінің 2 513 бұзушылығы анықталды.

Жол полиция басқарамасы бастығының орынбасары Петр Никифировтың берген мәліметіне қарағанда, жылдамдықты асыру бойынша 488, мас күйінде көлік жүргізу бойынша 58 және қарсы бағытқа шығу бойынша 28 бұзушылық анықталды. Сонымен қатар қоғамдық көліктердің жүргізушілерімен 70 бұзушылық тіркелді.

Сонымен бірге облыс аумағында жедел алдын алу шаралары барасында 6 адам жарақат алған 6 жол-көлік апаты тіркелді. П. Никифиров сонымен қатар, жол полициясы коммуналдық-жол қызметімен бірлесіп, жалпы ұзындығы 1802 шақырым болатын автомобиль жолдарына 52 тексеру жүргізгендігін атап өтті. Коммуналдық-жол органдарының лауазымды 10 тұлғасы әкімшілік жауапкерлікке тартылды.

Жол полициясы көлік магистралінен басқа 44 теміржол өткелін тексерді. Лауазымды 6 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында жол-көлік ережесін бұзудың 7 фактісі анықталды.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив