KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
443.37 474.49 4.83

ШҚО-ның ауыл кітапханаларына ақша бөлінді

27.05.2012, 18:00 106


Соңғы жиырма жылдан бері биыл бірінші рет ауылдық кітапханаларды кітаппен толықтыруға облыстық бюджеттен 30 миллион теңге қаржы бөлінді, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Осының арқасында облысымыздағы ауылдық жерлердегі әрбір кітап-ханаға 125 кітаптан тимек. Тағы бір қуаныш – сатылып алынатын осы кітаптардың барлығы да тек мемлекеттік тілде болмақ.

Облыстық мәдениет басқармасы-ның бастығы Жақсылық Омар жақында тірек ауылдарының әкімдері қа-тысқан семинарда осылай деді. Оның айтуынша, облысымыздағы тірек ауылдар қатарындағы 38 елді мекеннің 36-сында кітапхана бар. Алайда олардың ішінде тек үшеуінің ғана жеке ғимараты бар, қалғандары әкімдіктер мен мәдениет үйлерін-де, мектептерде орналасқан. Ал екі ауылда мүлде жоқ. Кітаптар қоры мен мерзімдік баспасөз сандары да бекітілген стандарттан әлдеқайда төмен.

Ауыл кітапханаларының мұнан басқа да мұңдары жеткілікті. Ал оның қорын толықтырудың қайтадан қолға алынуы рухани ордаларды қайтадан жаңғыртудың басы болмақ.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив