KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 3 м/с, З
441.58 480 4.86

Тірек ауылдарды өркендетуге қомақты қаржы бөлінді

13.05.2012, 18:00 293


Аягөз ауданынан Айғыз, Шыңғожа, Тарбағатай тірек ауылдардың қатарына кірді. Аталған елді мекендерді өркендетуге республикалық, облыстық және аудандық бюджеттерден қомақты қаржы бөлінді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.


Тірек ауылдарға бөлінген қаржы ауылды көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру, жарықтандыру, жолды жөн-деу жұмыстарын жүргізуге, шаруашылық пен кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасауға жұмсалады. Үш жылдың ішінде атқарылатын жұмыстың алғашқы жылы жақсы нәтиже берсе, онда келер жылы да қаржы бөлінеді. Ауылды өркендету алдымен тазалықты сақтаудан, дүкен, асхана, тойхана, монша, жанар-жағармай құю стансасын ашудан бастау алады. Ол үшін кәсіпкерлікті барынша дамытуды қолға алу басты мақсат болмақ. Нарын ауылдық округіндегі Шыңғожа ауылында тұрғындармен кездесу кезінде аудан әкімі Әнуарбек Мұхтарханов ауылды үлгілі ауылдар қатарына қосуға, шаруа қожалықтарының басшыларын, жеке кәсіпкерлерді осы игілікті істерді жандандыруға атсалысуға шақырды.

Мұнан соң сөз алған аудандық экономика және қаржы бөлімінің бастығы К.Уәлиев тірек ауылдарын өркендетуге қаржы қайдан келетінін түсіндірді. Биыл аудандағы тірек ауылдарында 297 млн. теңгенің жұмыстары атқарылып, 193 жұмыс орны ашылатындығын айтып берді.

Мәселен, Шыңғожа ауылына республикалық бюджеттен 22 млн. 484 мың теңге, облыстық бюджеттен 12 млн. 530 мың теңге, аудандық бюджеттен 9 млн. 30 мың теңге, шаруашылық құрылымдарынан 7 млн. 160 мың теңге, жеке кәсіпкерлерден 40 млн. 200 мың теңге, «Жұмыспен қамту–2020» бағдарламасы аясында шаруашылықты дамытуға 18 млн. теңге, барлығы 109 миллион 400 мың теңге бөлініп, оны игеру көзделіп отыр.

Бұлардан тыс іскер азаматтар ауыл орталығынан наубайхана, жанар-жағармай құю стансасын, монша, дүкен, асхана мен 250 орындық тойхана салып, құс фабрикасын ашуды жоспарлауда. Соның нәтижесінде 62 жұмыс орны ашылмақ.

Ауыл тұрғыны, еңбек ардагері Айтқазы Исатаев Шыңғожа елді мекенінің тірек ауылдардың қатарына кіргеніне қуанышын жасырмай, ризашылығын білдіріп отыр. Ауылдастары атынан көшенің тазалығына, гүлденуі-не, өркендеуіне атсалысатынына уәде берді. Нарын ауылдық округінің әкімі Ә.Тоқбаев Шыңғожада байланыс, ұялы телефон станциясы жұмыс істеп тұрғанын, әрі қалаға жақын, тірек ауылы болуға әбден лайық екенін айтады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив