KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Төбемізге көтеріп, көше берген Бари Алибасов туған жердің игілігі үшін не істеді?

17.05.2012, 18:00 195


Барида бар, Розада жоқ. Ол не? Оқырманның кәдімгідей ойланып қалатынын білем. Сұрақтан гөрі, жұмбаққа көбірек ұқсайтын сауалды, әсіресе, жармалықтарға қоятын болсақ, жауабын тез айтатын болар, бәлкім. Өйткені, Бари да, Роза да Жарма ауданынан шыққан өнер адамдары ғой. Ендеше, Жарма ауданында неге Бари Алибасовтың атында көше бар да, ал бүкіл қазақ маңдайына басқан Розаның атында неге көше жоқ? Жармалықтар өз өнерпаздарын неге бөліп, жарады, осы?

Төбемізге көтеріп, көше берген Бари Алибасов туған жердің игілігі үшін не істеді?Бұл арада біз Баридің бағын әсте қызғанып тұрған жоқпыз. Бари бауыр бар болсын дейміз. Жарма ауданында Роза Рымбаеваның атында көше жоқ екен деп, әйгілі әншінің қадірін де ешкім кеміте алмақ емес. Бірақ біздің көңілімізді мазалаған сауал басқа. Шынын айтыңызшы, қазақ өнеріне екеуінің қайсысы көп еңбек сіңірді, осы? Бари ма, әлде, Роза ма? Әрине, Роза Рымбаева. Ендеше, біздің көкейіміздегі ойымызды енді тү-сінген боларсыз. Роза Рымбаева –
қазақтың қазынасы, сарқылмас байлығы. Қаншама қарадомалақ қазақ баласы Розаның әнін тыңдап, тербеліп өсті. Розаның шырқаған әндері қаншама тыңдармандардың жүректеріне үміт отын жағып, армандарға жетеледі десеңізші. Ендеше, осы уақытқа дейін Жарма ауданының орталығынан неге бір көше Розаға бұйырмай отыр?

Бұл жағынан келгенде Бари Алибасов алға озып кетіпті. Шағын ғана Шар қаласының тұрғындары Бариді барымыз деп біледі екен. Осыдан біраз жыл бұрын «На-На» тобының продюсерінің туған жерге кезекті бір сапары кезінде қуанғандарынан бас киімдерін аспанға атып, алақайлап бұрынғы Мир көшесін Баридің атымен атай салыпты. Па, шіркін, неткен жомарттық десеңізші! Бари дегенде шығарда жанымыз бөлек екен ғой, тіпті. Алибасовтың сол кездегі Шарға сапары жайында кейін «Экспресс» газетінің тілшісі Л.Кудрявцева тамсанып-ақ отырып мақала жазыпты:

«... Шар қаласының тұрғын-дары Бари Алибасовты тұтас бір ұлттың батыры ретінде, тіпті, аспаннан жерге түскен құдайдың өзіндей қуанышпен қарсы алды. Кең де жазық далаға бар салтанат-сәнімен ақ шаңқан киіз үйлер тігіліпті. Қадірлі қонақтың құрметіне мал да сойылыпты...

№62 мектептің барлық үлкен-кішісі Бари Алибасовты қарсы алу үшін аяғынан тік тұрыпты. Сыныптың есігінде «Бұл мектепте Бари Алибасов оқыды» деген жазуы бар тақтайша ілінген екен. Мектептегі мұражайдың түгелдей бір бөлмесі Бари мен «На-На» тобына арналыпты. Баридің өзі тұтынған заттары – кезінде шалбарын қысқартқан тігін машинкасы, шай ішкен самауыры, күйтабақтарды тыңдаған патефон, анасы тәтті тоқаштар сақтаған нан салғыш...».

Мақаланы оқып отырып, шынында да халқымыздың қонақ-жайлылығына таңғалдық. Тіпті, езуі бір жиылмайтын Бари Алибасовтың өзі де мұндай қошемет пен құрметті күтпеген сыңайлы. Көзі тірісінде туған жеріндегі бір көшеге ие болып, халықтың шексіз ықыласына көміліп-ақ қалыпты шіркінің. Тіпті, дастарқан басында бәзбіреулер «Шардың екі мақтанышы бар. Бірі –ақ бас сиырлары болса, екіншісі – Бари Алибасов» деп айды аспанға бірақ шығарыпты.

Баридің бағы бес елі-ақ екен! Өнердің ауыр жүгін өрге сүйреген қазақ әншілері мұндай сый-құр-метті көзі тірі кезінде емес, өлгеннен соң бірақ көретін шығар. Өзі-мізге келгенде тарылып, өзгеге келгенде жайылып сала беретін қазақтың осы мінезін қалай түсін-сек болады.

Төбемізге көтеретіндей Бари Алибасов кім өзі? Иә, 1947 жылдың 6-маусымында Шар қаласында туыпты. 1965 жылы осындағы №62 орта мектепті бітіріпті. Содан соң Өскемендегі құрылыс-жол институтында оқиды. Оның «Интеграл» ансамблін құрғаны да рас. Бірақ Алибасов кейін атақ пен ақша іздеп, Ресейге кетіп қалады...


Иә, қазір Алибасовтың атағы да, ақшасы да бар. Бірақ туған жерге деген көңілі қандай? Төбемізге көтеріп, көше беріп жүрген Алиба-сов туған жердің игілігі үшін қандай шаралар атқарды? Анда-санда ке-ліп, күлкісімен алдап-арбап кететін Алибасов қандай қайраткерлігімен Жарма ауданының Құрметті азаматы атанып жүр? Бағаласақ, өзіміз-де де жұлдыздар жетеді емес пе? Жетеді... Тек олардың қадір-қасие-тін тірі кезінде емес, өлген соң ғана білетініміз, өтірік жылап-сықтап көше беретініміз өкінішті-ақ. Сондайда Бариге қызыға қарайсың...

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив